KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Ольга Рыпакова Конституция күнінде елге "алтын" тарту етті

30.08.2018, 17:26 167


Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде Азияның ең үздік спортшысы екендігін тағы да дәлелдеді. Ол бүгін Жакартада өтіп жатқан Азиада ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшымыз екінші мәрте қарғып секіруінде 14 метрді бағындырған. Ал қалған қарсыластарының бірде-бірі мұндай көрсеткіш көрсете алған жоқ.


Ольга Рыпакова үшінші мәрте секіруінде 14,26 метр нәтиже көрсетті.  Екінші орын 13,93 метрге секірген таиландық Чумайароенг пен дәл сондай нәтиже көрсеткен вьетнамдық спортшыға бұйырды.


-Мен бұл жеңісімді барлық қазақстандықтарға арнаймын, бүгін елімізде мереке – Конституция күні. Бұл медаль елге меркелік тарту,- деді чемпион.


Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Ирина Эктова 13,58 метрді бағындырып, 6 орынға тұрақтады.  Айта кетерлігі, Ольга Рыпакова осымен төртінші мәрте Азиа ойындарының чемпионы атанып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив