KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Ольга Рыпакова Ашхабадта өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр

7.09.2017, 03:19 198

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Ашхабадта өтетін Азия ойындарына қатысып, ел намысын қорғайтын болады.


Жуықта ғана Цюрихте өткен (Швейцария) «Гаухар лига» сайысында қола медальды иемденіп қайтқан спортшы 17 қыркүйекте Түркменстанның астанасында ашылатын байрақты бәсекеге дайындық жұмыстарын бастап кетті.


Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Георгий Егоровтың айтуынша, Азия ойындарында ел намысын 15 спортшы қорғайды.

– Біздің жеңілатлеттер Ашхабадта өтетін халықаралық додада топ жарады деп алдын-ала болжам жасағым келмейді. Алайда олар қолдарынан келгенше, ақтық сынға дейін күресетін болады. Қазіргі күні қазақстандық спортшылар жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Азия ойындарында жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова екі дисциплина бойынша қатысады деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, мен шығысқазақстандық жеңілатлеттен үлкен үміт күтіп отырмын. 18-20 қыркүйек аралығында Ашхабадта ұйымдастырылатын бұл байрақты бәсеке жабық арена алаңында өтетіндіктен, біздің спортшылар үшін тиімді болмақ, - дейді Георгий Егоров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив