KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО әкімі: "Субвенциялық емес өңір болу оңай емес, бірақ, жергілікті бюджетке түсім арттыруды жүзеге асырудамыз""

20.09.2024, 11:00 169 Айжанат Бақытқызы

Облыс экономикасы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,9%-ды құрады, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

 Бұл туралы сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХVІ сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді.

 Кеңес барысында айтылғандай, Шығыс өңірінің ерекшелігі – бұл өңір экономикасының 40%-ы өнеркәсіпке, ал жұмыспен қамту мен кірістің көп үлесін беріп отырған сауда саласына – небәрі 14%-ы тиесілі. Мысалы, бүгінде республикалық бюджеттің доноры болып табылатын Алматы қаласында кері жағдай: саудаға 40% және өнеркәсіпке 7% тиесілі.

Біздің облыс республикалық трансферттерге 64% тәуелді (өз кірістері - 36,3% құрайды). Ал Алматы қаласы өз кірістері есебінен өз шығыстарын өтеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, республикалық бюджет донорларының бірі болып табылады. 

«Біз республикаға тәуелсіз, субвенциялық емес өңір болу оңай емес екенін түсінеміз. Дегенмен, біз жергілікті бюджетке түсімдерді арттыру үшін жұмыс атқарудамыз. Соңғы 11 айда облыс бюджетіндегі жеке табыс үлесі бойынша оң қарқынды атап өткім келеді»,-деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. 

Аймақ басшысы бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановқа экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармалары, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп, кiрiс көзiнiң резервтерiн iздестiру және салық салатын базаны кеңейту жөнінде тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу