KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да Халықтық штаб мүшелері ҮМЗ қызметкерлерімен кездесті

26.09.2024, 10:00 168 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысында Халықтық штаб мүшелері  Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құнындағы артықшылыққа ерекше назар аудару қажет. Қазақстан – уранға өте бай ел. Соңғы он бір жылда уран өндірісі бойынша әлемде бірінші болса, уран қоры бойынша әлемде екінші орын алады»,- деді спикер Александр Светаш.

Кездесу барысында штаб мүшелері атом электр станциясының маңыздылығын түсіндіріп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді және елімізде 6 қазан күні өтетін АЭС салу бойынша референдумда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Статистикаға сәйкес, 1 кг көмірді жаққан кезінде 7 кВт/сағ энергия өндірілсе, 1 кг газ 14 кВт/сағ энергия бөледі. 1 кг ураннан 620,000 кВт/сағ энергия өндіріледі. Энергия тиімділігі тұрғысынан уран көмірге қарағанда 90,000 есе және газға қарағанда 45,000 есе тиімді болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу