KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін, 12:30 0 Айжанат Бақытқызы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиында сарапшылар елімізде атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп, азаматтар тарапынан қойылған АЭС-ке қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап, референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруге кез-келген азамат құқылы»,-деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нұркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив