KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

Өскеменде UEFA-НЫҢ стандарттарымен жаңартылған стадион ашылды

Кеше, 13:00 83 Айжанат Бақытқызы

Өскемен қаласындағы "Восток" стадионының футбол алаңы Қазақстан Футбол федерациясының "Алаң" жобасы аясында жаңартылды. Стадион құрылысының мақсаты - бұқаралық футболды дамыту, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

"Жаңартылған алаңға италиялық SAFITEX компаниясының заманауи газоны салынды. Бұл әлемдік стандарттағы сапалы газон ойыншыларға жайлылықты қамтамасыз етеді. Жобаның құрылысына біз 176 159 817 теңге жұмсалық," - деп атап өтті  Қазақстан футбол федерациясы "Алаң" жобасының менеджері  Нұрсұлтан Еламанов.

Жаңа футбол "Алаңның" ашылуына Өскемендік футболсүйер қауым жиналды. 

"Бүгін біз осындай тамаша сыйлықты қабылдап алып жатырмыз. Бұл біздің бұқаралық спортты дамытуға қосылған елеулі қолдау. Осындай әлемдік деңгейдегі алаңда дайындалатын жас спортшыларымыздың болашағынан үлкен үміт күтеміз, зор жеңістер тілейміз,"-деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 

Жаңартылған алаң жас футболшылардың жаттығулары мен іс-шараларды өткізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

                                                                                                                                                         Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив