KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Шығыс Қазақстанға келді

Кеше, 17:00 69 Айжанат Бақытқызы

Өскемендіктер дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті әуежайдан күтіп алды,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 «Бұл барша қазақ халқының ортақ жеңісі деп білемін. 49 жыл күткен алтынды қанжығамызға байладық. Шығыс өңіріне келудегі басты мақсатым – жастармен кездесіп, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру», – деді Елдос Сметов.

 Өскемендіктер чемпионды әуежайда құрметпен қарсы алғаннан кейін спортшы облыс әкімдігіне шақырылды.

 Облыс әкімі Ермек Көшербаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесіп, қазақтың дәстүрі бойынша иығына шапан жапты. 

 «Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алдың. Нағыз жігітсің! Баршамыз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемпионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі», – деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

 Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақта белдескен Қазақстан спортшысы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

 Осыған дейін Елдос Сметов 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.

                                                                                                                                                      Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив