Елдос Сметов Париж Олимпиадасына жолдама алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы балуандар арасында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған сында қазақстандық танымал дзюдошы Елдос Сметов жеңіске жетіп, төртжылдықтың басты додасына лицензия ұтып алды.
Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті.
Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген болатын.
Оқи отырыңыз