KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Әр жолаушының қауіпсіздігі - еңбек адамының қолында

Бүгін, 16:30 0 Назерке Каримова

Теміржолдағы жұмыс асқан жауапкершілікті талап етеді. Себебі еленбей қалған  кез келген ақау ауыр салдарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Марат Құрманғалиев - өз заманының батыры, өмірінің 23 жылын теміржолда жұмыс істеуге арнаған нағыз еңбек адамы. Ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының филиалындағы Өскемен эксплуатациялық вагон депосында вагондардың аға тексеруші болып жұмыс істейді. 23 жыл ішінде оның теміржол көлігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі баға жетпес болды.

Вагондарды тексеруші бірінші кезде байқампаз, жоғары жауапкершілікті және шиеленіскен  жағдайларда тез шешім қабылдай алатын болуы керек. Марат Анатольевич күн сайын вагондардың жай-күйін тексереді, ақауларды анықтайды. Сол арқылы апаттар мен пойыз қозғалысының жайлылығын қамтамасыз етеді. Оның жұмысы - теміржол арқылы тасымалданатын жүктердің ғана емес, мыңдаған жолаушылардың да қауіпсіздігіне кепіл болуды талап етеді.

Көп жылдық тәжірибесі мен терең білімі бар Марат Анатольевич Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Ермек Көшербаевтың атынан берілген Құрмет грамотамасына ие болды. Әріптестері оның еңбекқорлығы мен адалдығын бағалап, марапатқа лайық жұмысшы деп таныды. 

Марат Анатольевич сияқты адамдар қарапайым еңбектің маңыздылығын және еңбек адамының әр төккен тамшы тері елдің тұрақтылығы мен дамуына қосып жатқан өзіндік елеулі үлесі екенін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив