KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскеменде трамвай желілері жаңартылып жатыр

Фото: @akimatoskemen

2.10.2024, 15:30 146 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында төрт трамвай өткелінің жаңарту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған учаскелер заманауи темірбетон конструкцияларымен жабдықталған, оның үсті 10 мм болатпен қапталған, бұл көліктердің дыбыссыз және жылдамдықты төмендетпей қозғалуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалада барлығы 25 трамвай өткелі бар, оның 10-ы қазірдің өзінде жаңартылды. Бұл жұмыстар - трамвай желісін толықтай жаңарту үдерісінің бір бөлігі. Жаңа конструкциялар тек жол негізі мен шпалдары ауыстырылған учаскелерге ғана орнатылуда.

Қазіргі уақытта жұмыстар Назарбаев – Пограничная, Назарбаев – Нефтяная, Чехов – Нұрмағамбетов, Қазақстан – Түркістан көшелерінің қиылыстарында орындалды. Болашақта қаланың барлық трамвай желісін толық жаңарту жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив