Александр Светаш: «Ел болашағы үшін өз қалауымды жасадым»
Өскемен қаласындағы №26 орта мектепте референдумға дауыс беру үшін келгендердің қарасы көп. Қала тұрғындары өте белсенділік танытуда.
Осы учаскеде Өскемен қалалық мәслихаттың төрағасы Александр Светаш алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Көріп тұрғанымдай, тұрғындар өте белсенді. Ел болашағы үшін өз қалауымды жасадым. Учаскеде референдумның заңды өтуін, ешкімнің құқы бұзылмауын қадағалайтын қадағалаушылар жұмыс істейді. Мен барлық қалалықтарды дауыс беру учаскелеріне келіп, еліміздің болашағы үшін өздерінің азаматтық парыздарын өтеуге шақырамын, – деді Александр Светаш.
Оқи отырыңыз
Александр Светаш: "Президент сайлаудан кейін ұзақ мерзімді саясат жүргізуге мүмкіндік алады"Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру басталдыСайлау 2021: Таң бозарғаннан бері адам қарасы қалың - ӨскеменШҚО-да “Ана мен бала орталығында” дауыс беруге жағдай жасалды (видео)Партия фракцияларынан да дауыс берілуде