Партия фракцияларынан да дауыс берілуде
Облыстық мәслихаттың «AMANAT» партиясы фракциясының басшысы Тұрарбек Азекенов өзінің жұбайымен Өскемен қаласындағы №42 мектептің №8 учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тұрарбек Анарбекұлы "Казцинк" ЖШС-нің металлургия жөніндегі атқарушы директоры, Өскемен металлургия кешенінің директоры қызметін атқарады.
– Бүгін еліміз үшін маңызды оқиға – АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдайтын ауқымды референдум өтіп жатыр. Мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Шығысқазақстандықтар өздерінің бірлігін көрсетіп, еліміздің тұрақты және сенімді дамуы үшін дауыс беретіндеріне сенімдімін. Өйткені ертең және алдағы онжылдықтарда қандай елде тұратынымызды әрқайсымыздың дауысымыз шешеді, – деді Тұрарбек Азекенов.