Риддерде дауыс беруге ат мініп келген патриот көзге түсті (видео)

Риддерлік сайлаушылар арасында референдум барысында дауыс беруге ұлттық ат спортын насихаттай жылқының жалында ойнап келген дауыс беруші байқалды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Атпен және ұлттық киіммен, өз даралықтарын көрсете отырып, риддерлік спортшылар референдумға белсене қатысты.
"Референдумға әр қазақ азаматы қатысып, өзінің таңдауын көрсетуі керек. Бүгін біз де ел болашағы үшін маңызды таңдау болып тұрған АЭС құрылысы тақырыбында өз позициямызды нақты көрсету үшін келіп отырмыз. Президент бұл таңдауды халыққа тапсырғаны - халықтың пікірімен санасуы деген сөз”, - дейді гір спорты бойынша бапкер Еркебұлан Төлеуханов.
Ұлттық спортты дамытып, аттың құлағында ойнап жүрген көкпар, бәйге, аударыспақ сынды ойындарда топ жаратын спортшылардың мұндай бастамасы саяси науқандағы жауапкершілік қана емес, ұлттық спортты насихаттаудың бір көрінісі болды.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз