KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Катонқарағай ауданында азаматтар белсенді түрде дауыс беруде

6.10.2024, 11:29 226 Ержан Әбіш

Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев АЭС құрылысын қолдау мақсатындағы референдумда дауыс беріп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бұл туралы Altainews.kz тілшісі хабарлады.

Референдумнан бір күн бұрын Данияр Дүйсембаев тұрғындарға еліміздегі өзгерістер мен жаңашылдықтардың маңыздылығын түсіндірді.

– Дауыс беру – бұл демократиялық процесс. Әр дауыс біздің болашағымызды анықтауда маңызды. Сіздерді референдумға белсенді қатысуға шақырамын! – деді ол ауыл тұрғындарына.

Аудан басшысы халық үшін үлгі болып, азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігін арттырды.

Сондай-ақ Катонқарағайдағы №27 өрт сөндіру бөлімінің және апаттық-құтқару қызметкерлерінің референдумға қатысуы қоғамдағы демократиялық процестерге белсенді қатысуды көрсетті. Олар №874 учаскеде дауыс беріп, азаматтық жауапкершілікті танытты.

Бұл акция азаматтық қорғау мамандарының қоғамдағы өмірге белсенді араласуын көрсетеді.

№875 учаскеде дауыс берген алғашқы адам Катонқарағай тұрғыны Ділназ Әбдікерова болды.

Сайлау учаскесінің жанында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі референдумның мерекелік атмосферасын толықтырды.

Фото, видео: Катонқарағай ауданы ІСБ

00:00
00:00
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу