Еңбек ардагерлері сайлауға белсенді қатысудың үлгісі болды - ШҚО
Таңертең ерте Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалады.
ШҚО-ның еңбек ардагерлері дауыс беруге белсенді қатысудың үлгісі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алтай ауданында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге алғашқылардың бірі болып "Әнші жүректер" хор ұжымы келді.
Айта кетсек, ұжым аудандық және қалалық іс-шараларға, байқауларға үнемі белсенді қатысып тұрады. "Әнші жүректер" әдетте жерлестерін өз шығармашылығымен қуантады, ал бүгінде олар азаматтық жауапкершілік пен бірліктің үлгісін көрсете білді.