Референдум: Шығысқазақстандық бүркітші қыз өз таңдауын жасады
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы азаматтық көзқарасын білідіру үшін референдумға келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ол Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы №976 референдум учаскесінде дауыс берді.
Айшолпанның бұл әрекеті жастарға үлгі. Оның белсенді өмірлік ұстанымы референдумға қатысу тек таңдау құқығы емес, сондай-ақ әрбір азаматтың міндеті екенін көрсетеді.
Айта кетейік, бүркітші қыз отбасымен Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысына көшіп келген. Алдағы уақытта жергілікті билікпен құсбегілік өнерді дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істемек.
Оқи отырыңыз