KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде 100 жасар қария референдумға қатысты

6.10.2024, 11:28 134 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласындағы «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде» орналасқан №21 референдум учаскесіне  жасы 101-ге қараған қария, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар Ішкі істер саласында абыройлы  қызмет еткен, отставкадағы полиция полковнигі Рахимов Құрмат ақсақал келіп дауыс берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Елімізде АЭС салу жөніндегі референдумға Шығыс өңірінің түкпір-түкпірінде дауыс берілуде. 
Ақсақал өзінің азаматтық ұстанымына сүйеніп, тарихи іс-шара болып табылатын референдумда дауыс беру арқылы азаматтық белсенділігін көрсетті. 

- Мен референдумға қатысуда өз борышым деп білемін. Ел тарихын жазуда әрқайсымыздың үлесіміз бар. Бүгінде шешімнің көбі жастарға байланысты, өйткені болашақ, Қазақстанның тағдыры солардың қолында. Менің ойым, қазақстандық әрбір жас азамат өз пікірін білдіріп, референдумға қатысқаны жөн, - деді Құрмат ақсақал.

Қария, өз кезегінде, мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын толық қолдайтындығын жеткізді. Халық үніне құлақ асып, референдум ұйымдастырылуының өзі ақсақал үшін елді дұрыс басқарудың көрсеткіші.  

Мұндағы учаскелік комиссия төрайымы Гүлмира Мағзұмованың мәліметіне қарағанда, референдум заң аясында, қалыпты жағдайда өтіп жатыр. 

 Серік ҚҰСАНБАЕВ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу