ШҚО-да Қазақстанның құрметті энергетигі Айбек Ақаев дауыс берді (видео)

«Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі», Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы, техникалық ғылымдардың докторы, профессор Айбек Ақаев елде өтіп жатқан АЭС салу жөніндегі жалпыхалықтық референдум Қазақстанның болашағы үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жерлестерімен бірге дауыс берген энергетика саласының маманы оларды референдумнан қалыс қалмай, өз позициясын білдіруге шақырды.
АЭС құрылысы мәселесі бойынша референдум азаматтарға атом энергетикасы саласындағы қазіргі заманғы технологиялармен және ғылыми зерттеулермен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік беріп отыр.
Энергетик маманның айтуынша, бұл референдум халықтың атом энергетикасының қауіпсіздігі, осы саладағы инновациялар және технологияларды дамыту перспективалары туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал еткені сөзсі және бұл негізделген қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін аса маңызды.