Энергетика саласының ардагері Виктор Недовесов: «Мен бұл мәселені жан-жақты зерттеп, өз таңдауымды жасадым”
ТМД елдері және Қазақстанның еңбегі сіңірген энергетигі Виктор Недовесов бұл салада 1970 жылдан еңбек етті. Ұзақ жылдар “Алтайэнерго” компаниясының бас инженері, AES компаниясының техникалық директоры және “KEGOC” АҚ Шығыс филиалының директоры қызметтерін атқарды. Бүгін ардагер энергетик елімізде болып жатқан маңызды шарадан тыс қалмай, АЭС салу бойынша республикалық референдумға дауыс беру үшін келді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысында 538 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, өңіріміздің 487 824 -ке жуық тұрғыны дауыс беруге қатысады.
Айна Ескенқызы