KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
486.44 534.31 5.06

Шығысқазақстандық педагог Президент қолымен мәртебеленді

Бүгін, 11:30 3 Ержан Әбіш

Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес мұғалімдердің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілген болатын. Бұл – жай атақ емес, мәртебелі мемлекеттік награда. Оның иегеріне қомақты сыйақы беріледі. Осы уақытқа дейін республика бойынша 46 мұғалім ғана осы наградаға ие болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

5 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерді Ақорда резиденциясында қабылдап, оларды марапаттады.

Мемлекет басшысының алдына барып, мақтау мен марапатқа ие болған ұстаздардың қатарында Өскемен қаласының №46 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Назым Актанова да болды.

- Үздік ұстаздардың қатарына қосылу оңай болған жоқ. Ұзақ жылдар бойы жасалған барлық жұмыстарым, жетістіктерім тыңғылықты түрде есептеліп, бағаланды. Нәтижесі бір күн қалғанда айтылып, аяқ-асты елорламыз Астанаға жол тарттым. Осы кезден бастап, бойымды ерекше бір толғаныс билеп, бұл сапарым ертегідей өтті. Ақордаға кіргеніміз, Мемлекет басшысының құттықтауын тыдап, оның қолынан марапат алудың өзі қас қағым сәтте өте шыққан ерекше естелікке айналып отыр, - дейді ұстаз.

Ұстаздар Президетпен кездеспес бұрын Ақорданың ішін аралап, қысқы бақта ұйымдастырылған жанды музыканың сүйемелеуіндегі Абай оқуларын тамашалады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген үздік ұстаздармен кездесу барысында білім саласындағы өзгерістер, атқарылып жатқан жұмыстар және ұстаз мәртебесі жайлы сөз қозғады.

- Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық, – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив