KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Мұғалімдердің қоғамдағы орны ерекше болуға тиіс - Президент

Фото: abai.kz
Фото: abai.kz
24.10.2023, 18:05 153

Президент Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде еңбек адамдарының, соның ішінде ұстаздар қауымының қоғамда алар орнына тоқталып, оларға барлық жерде құрмет көрсетілуі керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы биыл Жолдауды жариялаған кезде Парламентке еңбек адамдарын арнайы шақырғанын атап өтті. Олардың қатарында ұстаздар да болған еді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазір – білімнің дәуірі. Білімі озық жұрт даму көшінің алдына шығады. Бұл заманда білімпаздық ең басты қасиеттің біріне айналуға тиіс. Сондықтан, білім саласын дамытуға баса мән береміз. Мұғалімнің мәртебесін көтеріп, жағдайын жақсарту өте маңызды. Астанада өткен Ұстаздар съезінде бұл мәселеге арнайы тоқталдым. Өйткені ұстаздар қауымы ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеу – қасиетті миссия" деген президент елімізде мыңдаған адам осы міндетін адал атқарып жүргенін тілге тиек етті.

- Олар күнделікті еңбегімен Қазақстанды дамытуға зор үлес қосуда. Сол себепті мұғалімдердің қоғамдағы орны ерекше болуға тиіс. Ұстазға барлық жерде құрмет көрсетілуі керек, – деді президент.

Ол бірнеше жыл бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағы белгіленгенін еске салып өтті.

- Жақында бір топ педагогті өзім арнайы марапаттадым. Бүгін де осы игі үрдіс жалғасын таппақ. Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Алма Шүкежанова елу жыл бойы ұрпаққа білім мен тәрбиені қатар беріп келеді. Бүгін Алма Сайдахметқызын "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттау туралы шешім қабылдадым, - деп атап өтті ел Президенті.

Сондай-ақ бүгін басқа да бірқатар мұғалім жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Осы арқылы президентбарша ұстаздар қауымына ерекше ілтипатын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив