KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Мәжіліс «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын мақұлдады

6.12.2019, 09:30 189

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Заң жобасына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап орта білім беру ұйымдарының педагогтары үшін нормативтік оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендетіледі.  Сондай-ақ, заң жобасында халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын дайындаған падагогқа үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы төлеу көзделген. Ал  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»  атағын иеленген мұғалімдерге  1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлем белгіленсе, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының және әскери оқу орындарының мұғалімдеріне магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек.

Одан бөлек, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалім мамандарға тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері беріледі.

Аталмыш құжат енді Парламент Сенатының қарауына жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу