KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Демалыс базаларына апаратын жолдар қардан тазартылады

depositphotos.com

9.10.2024, 17:00 90 Ержан Әбіш

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Туризм кеңесінде туроператорлар қыс мезгілінде туристік нысандарға апаратын жолдардың күтімі туралы алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар биыл Бұқтырма су қоймасы, Катонқарағай және Зайсан аудандары бағыттары бойынша жұмыс істей аламыз ба деген сұрақ көтерді. Кейбір туроператорлар өз қаражаттарына техника жалдап, жолдарды тазалауға мәжбүр болған.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременконың айтуынша, биыл қысқы жолдарды күтіп ұстауға бөлінетін қаражат өткен жылмен салыстырғанда екі есе арттырылған. Мысалы, Селезневка – Көгілдір бұғаз, Жаңа Бұқтырма – «Черемушки», «Березка», «Шале Бале» демалыс базалары – «Простор», «Лаванда» демалыс базаларына апаратын жолдарды тазалау жоспарланған.

Катонқарағай және Зайсан аудандарындағы туристік нысандар республикалық маңызы бар трассаларда орналасқандықтан, бұл жолдарда тұрақты түрде тазалау жүргізіледі. Биыл да жолдарды күтіп ұстау бойынша келісімшарттар жасалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив