KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да бүркітшілер додасында 5 елден 17 команда бәсекелеспек

10.10.2024, 20:00 123 Нұржан Кенжеұлы

Ертең «Шығыс салбурыны-2024» фестивалінің шымылдығы түрілетін Бозанбай ауылында мандат комиссиясының отырысы өтіп, жеребе тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бозанбай ауылындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға барлық құсбегі мен олардың өкілдері қатысып, фестивальдің ережелерімен және болашақ қарсыластарымен танысты.
Фестиваль аясында өтетін құсбегілер сайысының бас төрешісі, «Республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті Бағдат Муптекеқызының хабарлауынша, бірнеше күнге созылатын халықаралық іс-шараға бес елдің өкілдері қатыспақ.

– Биылғы сайыста 17 команда бақ сынайтын болады. Олардың арасында қазақстандықтардан бөлек, Мажарстан, Ресей, Қытай мен Моңғолиядан келген спортшылар бар. Барлығы 100-ден аса қатысушы бәсекеге түседі. Сайыс құс салудың үш түрі бойынша өтетінін айту керек. Дәлірек айтсақ, құсбегілер бүркіт, ителгі және қаршығамен аң қағатын болады. Бүгін өткен мандат комиссиясының отырысында ертең басталатын жарыстың жалпы жоспары мен тәртібі жөнінде сөз қозғалды, – деді Б.Муптекеқызы.

Бас төреші биылғы сайыс құсты қолға шақыру және шырға салу сияқты кезеңдерден тұратынын да хабарлады. Үздік нәтиже көрсеткендер 12 қазан күні өтетін финалға жолдама алмақ.

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу