Отыз киіз үйде ұлттық құндылықтар насихатталып жатыр (видео)
“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе алаңында 30 киіз үй тігілді. Онда қазақ халқының ұлттық қолөнер туындылары мен тағамдарының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz.
Күршім ауданы тіккен киіз үйде заманауи қолөнер туындылары сатылымға шығарылды. Ал Зайсан ауданының киіз үйінде ұлттық тағамдар ұсынылуда.
- Концерттік бағдарламаларды тамашалау мақсатында 500-ден астам көрермен сыятын киіз үй тігілді. Бүгінгі айтулы шараға жүзден астам бүркітші келді. Дәл қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған және Венгрия, Қытай, Моңғолия, Ресейден келген құсбегілер бақ сынасуда, - деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз