KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО-да ТЖД мамандары жер үйлердің пешін тексеріп жүр

ШҚО ТЖД

Бүгін, 09:00 0 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғын үйлерді аралап, үй иелеріне, көпбалалы отбасыларға және қарт азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жер үйлер секторын аралау барысында ТЖД мамандары арнайы сильфонды аспиратормен пештерді тексеріп, үйде қауіпті иісті газдың бар-жоғын анықтайды. Сонымен қатар, құтқарушылар арнайы датчиктерді орнатады.

- Осындай құрылғылардың дер кезінде іске қосылуы өңірде 42 адамның, оның ішінде 31 баланың өмірін иісті газдан уланудан сақтап қалуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.


ШҚО ТЖД келесі ережелерді еске салды:

  • Жылыту маусымы басталар алдында пештерді күйеден тазарту,  сондай-ақ маусым барысында үш айда кемінде бір рет, ал үздіксіз жұмыс істейтін пештерді екі айда бір рет тазарту қажет.
  • Барлық түтін мұржалары мен қабырғалары әктелуі тиіс.
  • Пештің алдына 50х70 см металл қаңылтыр қойылуы керек.
  • Оттықтан алынған қызған күл мен шлакты арнайы бөлінген орынға шығарып, су құйып өшіру қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив