Тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы тексеріледі – ШҚО
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қадағалауды бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлері, сондай-ақ қозғалысы шектеулі және қарт адамдардың үйлері бақылауға алынды.
Биыл облыста 3100-ден астам үй есепке алынды. Аралау және пештерді тексеру барысында ТЖД мамандары тұрғындарға пешті қысқа қалай дайындау керектігін және өрт немесе иіс газынан улануды тудыруы мүмкін ақауларды жою туралы нұсқаулық береді.
Жалпы жылыту маусымының барысында, яғни 2025 жылдың сәуір айына дейін пешпен жылытылатын барлық үйлерді аралап, нұсқаулықтар беріледі.
Фото: ШҚО ТЖД