KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО ТЖД 3 мыңнан астам үйді ерекше бақылауға алды

ШҚО ТЖД

24.08.2024, 16:00 146 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД мамандары әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардың үйлерін аралай бастады, деп хабарлады Altainews.kz тілшісі.

Облыстың ТЖД құтқарушылары жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Алдымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлері, сондай-ақ қозғалысы шектеулі және қарт адамдардың үйлері бақылауға алынды. Биыл облыста 3100-ден астам үй есепке алынды. ТЖД мамандары тұрғындарға пешті қысқа қалай дайындау керектігін және өрт немесе иіс газынан уланудың алдын алу туралы нұсқаулық береді.

Әлеуметтік осал топ санатындағы тұрғындардың үйлерін тексергеннен кейін, ШҚО ТЖД мамандары иіс газын анықтайтын құрылғылар орнатады.

– Иіс газын анықтайтын датчиктер үлкен нәтиже берді. Құрылғылардың уақтылы дабыл қағуы нәтижесінде 42 адамның, оның ішінде 31 баланың өмірін құтқарылды, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.


Құтқарушылар сәуір айына дейін барлық пешпен жылытылатын үйлерді аралап шығады.

ШҚО ТЖД еске салады:

- Пештер күйеден тікелей жылыту маусымы басталар алдында және маусым бойы үш айда бір рет тазалануы тиіс.

- Мұржа мен қабырға әктелуі тиіс.

- Пештің алдында 50*70 см көлемінде металл қорғаныс табақ болуы тиіс.

- Қыздырылған күл мен шлакты оттықтан шығарғаннан кейін арнайы белгіленген орынға апарып, сумен сөндіру керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив