KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жалған дипломмен жұмысқа кірген мұғалімдер анықталды – Маңғыстау

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 10:54 376

Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломмен жұмысқа кірген қызметкерлер анықталды.

Талдаумен жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Бас прокуратурасының дерегінше, Ақтау колледждерінде 5 оқытушы, Қарақия ауданында 3 оқытушы жұмыс істеген.

Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.

Осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.

Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқан көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу