11 шетелдік құрылыста заңсыз жұмыс істеген – ШҚО
Фото: polisia.kz
Полицейлер ШҚО-ның Самар ауданында заң бұзушыларды анықтады. Самар ауылында көші-қон қызметінің мамандары уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлерде құрылыс жұмыстарын жасаған көрші елдердің 11 азаматын анықтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, 5-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК айыппұл және 1-ден 3 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.
Жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылады. Олар 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.