KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

Оқушылар өрт сөндірушілерге қонаққа келді

Бүгін, 14:55 4 Ержан Әбіш

Мектеп оқушылары ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағына қонаққа барды. Мұндай Ашық есік күні Құтқарушылар күні аясында департамент бөлімшелерінде өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шақырылғандар құтқарушылардың заманауи техникасымен және киім-кешегімен танысты. Балаларда өрт сөндіру көлігінің кабинасында отыруға және бір минутқа өздерін адамдарға көмектесуге асыққан жүргізуші ретінде сезінуге мүмкіндік туды. Қонақтар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды, ТЖ қызметкерлері оларға мейіріммен жауап берді. Сондай-ақ өрт сөндірушілер өртті болдырмау жолдарын айтып, өрт шыққанда дұрыс әрекет етуді үйретті.

Мұндай іс-шаралар маңызды. Оларды құтқарушылар үнемі өткізеді, мақсат – өскелең ұрпақтың назарын қауіпсіздік мәселелеріне аударту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив