Оқушылар үйіндінің астында қалған адамды құтқарып, түтін камерасына кірді – ШҚО
Фото: gov.kz
Құтқарушылар күніне орай ШҚО ТЖД мамандары оқушылар үшін жарыс ұйымдастырды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тобына бөлінген оқушылар Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының міндетін атқарды.
«Оқушы-құтқарушылар» командасы алдымен зардап шеккендерді іздеп, оларды үйіндінің астынан шығарып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Балалар шұғыл жағдайда жол табуды үйреніп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, кедергілерден өтті, құтқарушылардың құралдарын іске қосуды үйренді.
Ал өрт сөндірушілер командасы өрт сөндіріп, жауынгерлік форманы киіп, жабдықтарды тағып жарысып, түтін басқан үйге кіріп зардап шеккен адамды іздеді.