KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Әлеуметтік саладағы функциялар аудан әкімдіктеріне беріледі

Фото: slideserve.com

28.07.2023, 14:52 215 Оразай Жеңісұлы

Әлеуметтік саладағы функцияларды аудан әкімдіктеріне беру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орталықсыздандыру арқылы әкімшілік реформа бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімшілік реформаның бірінші кезеңінде 2023 жылғы 19 сәуірде мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, мемлекеттік аппарат қызметіндегі құзыреттерді заңнамалық деңгейде белгілеу бөлігінде бюрократиядан арылту мәселелері қамтылған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осылайша орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға жергілікті жерде әлеуметтік саладағы қызметті ұйымдастыруға бағытталған 21 функция берілді. Бұл ретте, осы өкілеттіктер тиісті салалардағы қызметті тиімді іске асыруға мүмкіндік берді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазіргі уақытта әкімшілік реформаның екінші кезеңі аясында жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді.

«Осы жұмыс барысында әлеуметтік саладағы функцияларды аудан әкімдіктеріне беру жөніндегі мәселелер талқыланып жатыр. Өз кезегінде, әрбір функцияны беру мәселесін қарастырған кезде оның салдарын, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімділігін де жан-жақты егжей-тегжейлі зерделеп, ескеру қажет. Осы тәсілдер мақұлданған жағдайда, заңнамалық түзетулер әкімшілік реформаның екінші кезеңін іске асыру жөніндегі заң шығару жұмысы шеңберінде көрініс табатын болады. Жалпы, Парламент депутаттарының қолдауымен бұл жұмыс облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға және өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін болады деп пайымдаймыз», – деді Әлихан Смайылов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу