KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Риддер мен Алтай темір жол маршруттарына субсидия беріледі

Фото: infor.kz

12.02.2024, 17:00 153

Шығыс Қазақстан облысында облысішілік екі бағытта пойыз қатынайды: Өскемен-1 – Алтай және Өскемен-1 – Риддер.

Аталған аудандардың күрделі рельефіне, қар көшкініне және көктайғаққа байланысты қыс мезгілінде оларға сұраныс артады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, бұл бағыттардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жол жүру ақысын арзандату үшін субсидиялар көзделген.

- Облысішілік теміржол маршруттары жергілікті бюджеттен субсидияланады. Жол жүру тарифі 590 теңгеден 1 805 теңгеге дейін, - деді басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Салалық басқарманың ақпараты бойынша, 2024 жылға арналған облысішілік теміржол маршруттарын субсидиялау көлемі 450 млн теңге.

Ағымдағы жылы аталған бағыттар бойынша жоспарланған жолаушылар айналымы жылына 100 мыңнан астам адамды құрайды.

2023 жылы облысішілік теміржол маршруттарын субсидиялау көлемі 442,8 млн теңгені, нақты жолаушылар айналымы – 96,2 мың адамды құраған болатын.

                                                                    

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу