Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
depositphotos.com
Аймақта шағын қала тұрғындарына арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Аталмыш жобаның игілігін алғашқы болып риддерліктер көрмек.
Облыс әкімдігі мен «Отбасы банкі» өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Мұндағы басты мақсат – өңір тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, биыл облыста жылу энергетикасы саласының қызметкерлерін қолдауға және ынталандыруға бағытталған «Шығыс маманы» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Аталмыш бағдарламаға әкімдік пен банк тарапынан қаражат бөлінген.
Бағдарламаның шарты бойынша бастапқы жарна мөлшері 10 пайызды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 20 млн теңге екен, ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады.
Ажар Мұратқызы