Дәрігерлер кәсіби жауапкершілікті сақтандыру заңын талқылады – ШҚО
Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Серікболсын Темірханов ШҚО-ның медициналық қызметкерлермен кездесіп, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі туралы семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, семинарда аталған жүйенің пациент пен дәрігердің құқығын қалай қорғайтыны егжей-тегжейлі айтылды.
Енгізілмек жаңашылдықты талқылау үшін облыстың медициналық қоғамдастығы жиналды.
Спикер заңның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Өңірде денсаулық сақтау басқармасы 261 адамнан тұратын тәуелсіз бейінді сарапшылардың тізімін жасаған. Олар – жоғары медициналық білімі бар, негізгі мамандығы бойынша жоғары және бірінші біліктілік санаттарын алған мамандар. Сақтандыру оқиғаларын талдау кезінде осы мамандар баға береді.
Серікболсын Темірхановтың айтуынша, осы жаңашылдық аясында пациенттерді қолдау қызметінің, ішкі аудит қызметінің рөлі күшейеді.