KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қаншалық маңызды? – ШҚО

1.10.2024, 17:00 119 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша семинар өтіп жатыр. Білім курсында бұл жаңашылдықтың практикалық мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Біздің  медицина мамандарына кәсіби жауапкершілікті сақтандыруға қатысты қажетті білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін оқу курсын Семей медицина университетінің оқытушылары жүргізуде.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру – медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жаңа бұйрық 2024 жылдың 23 қазанында күшіне енеді. Оны іске асыру медициналық сақтандыру саласындағы мамандарды байыпты даярлауды талап етеді.

Жаңа ережелерді енгізуге дайындық аясында жүргізіліп отырған бескүндік оқуға Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың жетекші мамандары біркісідей қатысуда. Олардың ішінде бас дәрігері Райфа Сафиоллинова, стационарлық қызмет басшысы Болатбек Елшібеков, медициналық қызметтер сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін бақылау қызметінің басшысы Бақытгүл Жұмашова, медбике Дана Мамиева, Ақжар ауылындағы бөлімнің меңгерушісі Айжан Омарбекова, мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ольга Стародубцева, фтизиатр дәрігер Нұрила Сұраужанова бар. 

– Мұндай семинарлар біз үшін өте өзекті. Медицина қызметкерлеріне пациенттер алдындағы жауапкершілікті еске салып, сонымен қатар өздерінің кәсіби мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар етеді. Бұл сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби қызметіне де, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне де сенімділікті арттыруға негіз болады, – деп есептейді өңір дәрігерлері.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив