22 қазанда Мемлекеттік қызмет істері департаментінде «Донор күні» акциясы өтеді
depositphotos.com
22 қазанда Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» кеңесші органының бастамасымен және облыстық қан орталығының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер қатысқан «Донор күні» акциясы өтеді. Бүгінге дейін аталған шараға қатысуға 60-қа жуық мемлекетік қызметші ниет білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еріктілер – заманымыздың нағыз батырлары, шынайы патриотизм мен жауапты азаматтықтың көрінісі.
Президент әділ Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыра отырып, еліміздегі волонтерлікті дамытуға ерекше мән береді. Ол ерікті болу, ең алдымен, өз елінің патриоты болу деп санайды. Себебі еріктілер адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қояды және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді әріптестікті нығайтуда айрықша рөл атқарады.
Еріктілер өздерінің игі істерінің арқасында қоғамның дамуына елеулі үлес қосуда.
Мемлекеттік қызмет істері департаменті облыстың мемлекеттік органдары арасында жүргізілген талдау барысында біздің облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында әлеуметтік көмек көрсетуге, қоршаған ортаны қорғауға, аумақтарды абаттандыруға, донорлыққа қатысатын көптеген еріктілер бар екенін анықтады.
Осыған орай, Департамент жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бастамасымен және Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қолдауымен облысымыздың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен «Донор күні» акциясыұйымдастырылатын болады.
Аталған акция 2024 жылғы 22 қазанда сағат 09:00-13.30 аралығындаНазарбаев даңғылы, 4 (Департамент ғимараты) мекенжайында өтеді.
Бүгінгі күні, аталған іс-шараға қатысуға 60-қа жуық мемлекетік қызметші ниет білдірді.