Мемлекеттік қызмет істері саласында қандай шаралар атқарылды?
Фото: qaragandyhabary.kz
ШҚО бойынша 2023 жылы Әдеп кодексін бұзған 12 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылған. 10 қызметкер тәртіптік жазаға тартылса, қалған 2 адамға әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, тәртіптік комиссиялардың ұсынысы бойынша 62 адам, комиссиялардың қарауынсыз тағы 313 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өткен жыл көлемінде 9 отырыс өткізіп, 71 мәселе қараған.
Бүгінде облыс көлемінде барлығы 3585 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.