KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да екпеден бас тартудың салдары туралы ескертілді

Фото: Махаббат Ахметжанова

18.10.2024, 13:30 90 Ержан Әбіш

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина екпенің денсаулық үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 11 қауіпті инфекцияға қарсы вакцина егу міндетті, оның ішінде туберкулез, полиомиелит, дифтерия және қызылшаға қарсы екпелер бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Слямғазина екпе алған адамның аурудың ауыр түріне шалдықпайтынын және инфекция таратушы болмайтынын айтты. Вакцинациядан кейін бактерия тасымалдаушылық болмайды, бұл қоғамдағы инфекциялардың таралуының алдын алуға көмектеседі. 

Сонымен қатар, ол вакциналардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп, дәрілердің өндіруші және елдегі тіркеу барысында мұқият тексерілетінін атап өтті.

– Екпе салу процесіндегі аздаған ақаулардың өзі инфекцияға бейім адамдар санының артуына және аурудың жаппай өршуіне әкелуі мүмкін, – деді Слямғазина.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 5 миллионға жуық адам, оның ішінде 1,3 миллион бала тегін вакцина алады. Мемлекет азаматтарды жұқпалы аурулардан қорғауға және оларды жедел жоюға бағытталған саясат жүргізеді. Вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі, бұл келешек ұрпақтың денсаулығын сақтауға септігін тигізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу