KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Екпе егудің көмегімен көптеген жұқпалы аурулар жойылды

Фото: rbk.ru

15.02.2024, 22:30 183 Айна Ескенқызы

Қазақстанда 11 инфекцияға: туберкулезге, дифтерияға, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, сіреспеге, көкжөтелге, В гепатитіне, гемофильді жұқпаға және пневмококк жұқпасына қарсы егу міндетті болып табылады.

Елімізде жыл сайын инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн адам, оның ішінде 1,3 млн бала егіледі. Вакцинациялаудың маңыздылығы жайында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты аурушаңдықтың алдын алу, ал сырттан әкелінген жағдайда – жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған.

- Жұқпалы аурушаңдыққа шалдыққан адам осы инфекцияны қайта жұқтыруды қабылдамайтын иммунитетке ие болады. Бірақ науқас адамнан жұқтырған жағдайда пайда болған инфекциялардың көпшілігінің ағымы ауыр және олар асқынуларға дейін жеткізуі мүмкін. Ауырған адам инфекцияның көзі және таратушысы бола алады, медицинада мұндай адамдарды екпе алғаннан кейін байқалмайтын бактерия тасымалдаушылары деп атайды, - деп түсіндірді департамент басшысы.

Екпе алдымен қауіпсіздік және тиімділік жағынан зертханалық және клиникалық бақылаудан өтеді. Сонымен қатар өндіруші шығарған екпенің әр партиясын тексеріледі. Екпе қолданатын елде тіркелген кезде мұқият тексеруден өткізіледі.

Спикердің айтуынша, екпе егудің көмегімен көптеген жұқпалы аурушаңдықтардың салдарынан болатын аурулар мен өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады, ал кейбіреулері толығымен жойылады (табиғи шешек, полиомиелит).

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халыққа екпе егу тегін жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу