KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да балаларды вакцинациялау нормалары орындалды

Бүгін, 14:00 1 Ержан Әбіш

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында мақсатты топтағы балаларды вакцинациямен қамту нормалары орындалды. Негізгі вакциналар бойынша қамту деңгейі 71,1%-дан 74,7%-ға дейін жетті. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жетістіктер қатарында 1 жасқа дейінгі балалар арасында жоғары вакцинация көрсеткіштері бар: туберкулезге қарсы 97,4%, В гепатитіне қарсы 96,6% бала вакцина алды. АКДС3+Hib3 вакцинасы бойынша қамту 75,7%, ВГВ 3 курсы да 75,7%-ды құрады. Бұл жас тобындағы пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация 74%-ға жетті.

 

1 жастан асқан балалар арасында да келесі нәтижелер байқалады: пневмококк инфекциясына қарсы 71,8%, қызылша, қызамық және паротитке қарсы 68%, полиомиелитке қарсы 74% бала вакцина алды.

Екі жасқа дейінгі балаларды АКДС4 + Hib4 вакцинасымен ревакцинациялау 73,7%-ды құраса, 6 жасар балаларды ККП2 вакцинасымен ревакцинациялау 73,8%-ға жетті. Бұл жастағы балаларға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы ревакцинация да жүргізілді.

16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында АДС-М вакцинациясымен қамту 63,4%-ды құрады. Ересек тұрғындар арасында 12 934 адам дифтерия және сіреспеге қарсы вакцина алды, бұл мақсатты топтың 80,5%-ын құрайды.

Жасөспірімдер мен ересек тұрғындар арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинацияның жеткіліксіз қамтылуы 2023 жылдан бері вакцина жеткізілімінің үзілістерімен байланысты. Вакцинацияны қадағалау мақсатында вакцинадан бас тарту себептері ескеріліп, талданады.

Вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив