KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, В
501.02 597.27 6.59

Өскеменде ХҚКО қызметкерлері сотталды

depositphotos.com

18.10.2024, 16:30 360 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық сыйақы алған. Алайда бұл заңсыз әрекеттері әшкере болып, сотқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық №2 сотта «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы Өскемен қалалық мамандандырылған ХҚО-ның 3 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Анықталғандай, орталық басшысы мен екі қызметкер 2023 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық заңсыз сыйақы алған. Сот барысында айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындап, қатты өкінетіндіктерін жеткізді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен филиалдың бұрынғы басшысы мен бір қызметкері 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп, 1 жылға мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Ал тағы бір қызметкерден қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған пәтері тәркіленіп, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу