Алтайлық жастар «Тәуелсіздік қазынасын» тамашалады
Алтайдағы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік қазынасы» атты деректі фильм студенттердің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Бұл шара Республика күніне орай өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Анар Ахметқалиеваның айтуынша, мұндағы басты мақсат – Қазақстанның өткен өмір өрнегінен өнеге алып, тарихқа тағзым ету.
– Республика күні – еліміздің басты мерекесі және оның тарихи маңызы жоғары, – деді Анар Ахметқалиева.
Тағылымы мол фильмды Алтай қаласындағы технологиялық колледждің студенттері тамашалады.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз