Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жаңартылды
Фото: "ААҮ" МК ШҚОФ баспасөз қызметі
Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады.
Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асады.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО Өскемен қаласында Самар тас жолы 23 мекенжайы бойынша орналасқан.