KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

«Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті

25.10.2024, 15:30 277 Айжанат Бақытқызы

Ел мен жердің тарихынан тағылым алып, өнеге өрген өлкеден аңыз ғибратын ұғынудың өзі бір ғанибет. 25 қазан күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағына Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау аталауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар, ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген.

Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі,  Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырман үшін өте қызықты деп ойлаймыз.

Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Зиза Слямова Шығыс Қазақстанның тарихи мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп, сақтаумен айналысып келеді.

Аңыздардың үш тілде шығарылуы ішкі-сыртқы туризмнің дамуына оң әсерін тигізіп, ақпаратқа деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Зиза Мұхтарханқызы өз сөзінде мәдени мұраны сақтау мен жастарды туған ел аңыздарын зерттеуге тартудың маңыздылығына тоқталды. Шараға қатысушылар өлкенің тарихы мен болмысын тану үшін топонимикалық зерттеулердің маңыздылығын талқылады.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу