Нұрымбет Сақтағанов: Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандары жыл соңына дейін бөлінген қаражатты игеруі тиіс
Облыстық әкімдікте өтіп жатқан жиын барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласы мен Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарындағы білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс салаларын дамытуға Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінінің қалдығы шамамен 11 миллиард теңгені 10-шы желтоқсанға дейін игеруді тапсырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Марқакөл мен Катонқарағай аударын дамытуға Үкімет резервінен 1,3 миллиард теңге бөлінді. Облыстық әкімдікте өтіп жатқан жиын барысында қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова осылай деді.