Сібір жарасы салдарынан кезінде мал көмілген жер маңайында ешбір құрылыс және барлау жұмыстары жүргізілмейді!
Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылына қарасты «Қызыл қайың» аумағында «East Copper» компаниясы кен орнында барлау жұмыстарын жүргізуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда, ауыл тұрғындары сол аумақта 1964 және 1983 жылы сібір жарасын жұқтырған ірі қара малының көмілгенін айтып, алаңдаушылық білдірген болатын.
Компания және атқарушы билік өкілдері өз кезегінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталатынын және сібір жарасы салдарынан кезінде мал денесі көмілген жердің айналасында 1 шақырым көлемінде ешқандай құрылыс және барлау жұмыстары жүргізілмейтінін атап өтті.
Оқи отырыңыз