Онкологиялық орталықта МСАК мамандары үшін онкологиялық сақтық бойынша оқыту басталды
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында МСАК мамандары үшін онкологиялық сақтық бойынша оқыту бір апта бойы жүргізіледі. Емханалар өңірдің онкологиялық қызметін дамытудағы маңызды буын болып табылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Дәл осы МСАК ұйымдарында профилактикалық тексерулер мен скринингтер өткізіледі, тексеру және дәрігерге дейінгі кабинеттер жұмыс істейді, олар қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Қатерлі ісіктің алдын алу тиімділігі МСАК мамандарының біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан онкологиялық орталықта қалалық және аудандық емханалардың медицина қызметкерлері үшін тұрақты семинарлар мен дәрістер өткізіліп тұрады. Онда онкологиялық сақтық мәселелері, тексерулер мен скрининг жүргізу әдістемелері, сондай-ақ онкопроцеске күдік туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмдері егжей-тегжейлі талданады.
Семинарды онкологиялық орталықтың директоры, ШҚО-ның штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина, сондай-ақ орталықтың хирург-онкологтары Архат Қамзанов, Әсел Карабалаева және Зейн Мейірманов жүргізеді. Бір апта ішінде 50-ден астам МСАК маманы оқудан өтетін болады.
Айна Ескенқызы