KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Риддерде ауа райы салдарынан болған жағдай жойылды

13.11.2024, 14:50 109 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қолайсыз ауа райына бола сумен жабдықтауға қатысты жағдай орын алды. Қардың көп түсуі және температураның күрт төмендеуі салдарынан ЛК-ГЭС нөлдік белгісінде су беруге уақытша кедергі келтірген мұз кептелісі пайда болды, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

Жергілікті қызметтердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында жағдай дереу бақылауға алынып, тез қалыпқа келтірілді. Апат орнында «Казцинк» ЖШС мамандары, атқарушы органдардың және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері еңбек етті. 

Қалада резервтік жерасты тоғаны іске қосылды, бұл бірқатар аудандарды сумен жабдықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ тұрғындар үшін су тасымалы жүзеге асырылды. 

Түске қарай сумен жабдықтау қалпына келтірілді, ал қала тұрғындарының көпшілігі судың үзілуін байқап та үлгермеді. Мамандар орын алған жағдайдың салдарын толығымен жою және барлық тұтынушыларға, соның ішінде Ботаника, Гавань, Сазоновка, Таловка және т.б. шалғай тұрғын аудандарға үздіксіз су беруді реттеу жұмыстарын жалғастырды.

Риддер ТҮКШ бөлімінің басшысы Рауан Құрметұлы бұл жайт – қалың қар түсуі мен қатты суық салдарынан болғанын, күрт суыған күн райы ЛК-ГЭС жабдықтарында қабыршақ мұздың пайда болуына әкеп соқтырғанын айтады. Соған қарамастан, арнайы қызметтер күш салып, қала тұрғындары үшін қолайсыз жағдай туындауына жол бермеді, түс кезінде су беру қалпына келтірілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу